Шымкентте шағын ұшу құрылғысы жасалады

14298

Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың бірі Сапсан-3000 ұшқышсыз ұшу құрылғысын жасауда.  

Шымкентте шағын ұшу құрылғысы жасалады

3 мың метр биіктікке дейін көтерілетін ұшу аппараты 70 шақырым қашықтыққа бара алады. Әуеге көтерілгенде мамандар компьютер арқылы басқарады екен. Құрылғыға тапсырыс берушінің сұранысы бойынша суретке және видеоға түсіретін камералар орнатылады. Бағасы 8 млн мен 14 млн  теңгенің аралығында.

"Біздің негізгі сатып алушыларымыз сәулетшілер, шекарашылар және құқық қорғау органдары. Сондай-ақ  өрт сөндірушілер мен ауылшаруашылығы, теміржолшылар  үшін де бұл құрылғының пайдасы орасан. Мәселен, біз жуырда қалада салынып жатқан жаңа шағын аудандарды суретке түсіріп, картасын жасап шықтық.  Яғни біз бұл құрылғыларды шығарып қана қоймаймыз, белгілі бір ақыға қызмет түрлерін де ұсынамыз. Өйткені бұл ұшу аппаратын жеке адамдар сатып ала бермейді. Бағасы қымбат. Сондықтан қызмет ақысын төлесеңіз, біз орындап бере аламыз", – дейді "СП РобоАвиа" ЖШС-нің ұшыру-операторы Евгений Колотко.

Бүгінде өндіріс орнында 40-қа жуық қызметкер жұмыс істейді екен. Ондағы мамандар құрылғыны дамыту үстінде. Ұшу аппаратының белгілі бір бөлшектері шеттен келгенімен Шымкентте жиналады. 

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу