Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу өтеді

1155

Елімізде теннистен мұндай жоғары дәрежедегі іріктеу турнирі алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу өтеді

1-13 мамыр аралығында Шымкентте Asia/Oceania final Qualifying Junior Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері өтеді. Жарысқа 16 жасқа дейінгі Азия/Океания аймағының ең мықты жасөспірімдері қатысады.
Қыздар арасындағы әлем чемпионатына жолдаманы келесі командалар сарапқа салады: Қазақстан, Аустралия, Қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам.
Ұлдар арасындағы әлем чемпионатына жолдаманы келесі құрамалар сарапқа салады: Қазақстан, Австралия, Малайзия, Пәкістан, Сингапур, Қытай Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан және Вьетнам.
Айтулы додада Қазақстан намысын келесі теннисшілер қорғайды
Ұлдар:
1. Амир Омарханов (Қарағанды)
2. Заңғар Нұрланұлы (Түркістан)
Үшінші бос орын үшін Дамир Жалғасбай (Алматы), Бақтияр Ерасыл (Астана) және Артем Сидоров (Алматы) таласады
Капитан: Сергей Квак
Қыздар:
1. Інкар Дүйсебай (Алматы)
2. Полина Слепцова (Алматы)
3. Ариана Гогулина (Астана)
4. Анастасия Крымова (Тараз).
Капитан: Ярослава Шведова

Шымкенттегі іріктеу сайысында 16 команда төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне шығып, әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Азия - Тынық мұхит аймағынан бозбалалар арасында әлем чемпионатына төрт жолдама беріледі, яғни жартылай финалға шыққан командалар әлем біріншілігіне жолдама алады. Қыздар арасында үш жолдамаға үздік үштікке енгендер ие болады.

Шымкентпен қатар, Еуропа, Африка, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық Америкада іріктеу жарыстары өтіп, әлем чемпионатына баратын 16 команда анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу