Шымкентте жаңа стадионның іргетасы қаланды

592

Жаңа аренаның сыйымдылығы 35 мың орындық заманауи түрде болады. 

Шымкентте жаңа стадионның іргетасы қаланды Фото: insports.kz

Шымкентте жаңа стадионның іргетасына алғашқы тас қалау рәсімі Тұран – 2 шағын ауданында өтті, деп хабарлайды сайты.

Жаңа заманауи стадионның пайда болуы қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын тудыра отырып, жанкүйерлерге ойын кезінде шабыт сылайтын болады. Сондай-ақ, әлімдік додаларды өткізуге, соның ішінде туризмнің дамуына ерекше серпін береді.

Жаңа стадионның орналасатын жері Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран – 2 шағын ауданы. Жаңа аренаның сыйымдылығы 35 мың орындық заманауи түрде болады. Аумағы – 21 гектар.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, "Ордабасы" кәсіби футбол клубының президенті Асхат Сейсембек қатысты.

Шымкент қаласында қазіргі таңда бір ғана стадион бар. Ол Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадион. Аталмыш стадионның іргетасы 1969 жылы салынып бітті. Сыйымдылығы – 18 000 орын. Кеңес кезінде "Октябрдің 50 жылдығы" деп аталды. Қазір таңда жергілікті "Ордабасының" аренасы болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу