Шымкенттіктер несие алу мен депозит ашуда көш бастап тұр

Райхан Рахметова Райхан Рахметова
3475

Қазақстандағы қарыз қайтарушылардың жауапкершілігі жоғары.  

Шымкенттіктер несие алу мен депозит ашуда көш бастап тұр

Әлемнің 11 елінде 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, ал Қазақстанда 12 жыл бұрын ашылған хоум кредит тобы PR қызметінің жетекшісі Милан Томанек Қазақстандағы банк қызметі мен клиенттерінің артықшылығы  туралы айтты.

Астанада өткен банк тобының арнайы шарасында  банк клиенттерінің талғамын талдаудың нәтижесі жарияланып, олардың негізгі қасиеттері анықталды.

"Жалпы алғанда барлық елдің клиенттері бірдей, бір-біріне ұқсас деуге болады. Әсіресе  жас ерекшеліктері мен жұмыс жөнінен солай. Ал айырмашылық әр елдің заңына байланысты болады. Біз заңның өзгешеліктеріне қарай ыңғайланып, жұмыс істейміз. Қазақстанға қатысты екі мәселені ерекше атап өтер едім: біріншісі, сіздер мемлекет ретінде дағдарыстан өткенсіздер. АҚШ долларының бағамы төмендеп, ұлттық валюта бағамы тұрақтанбаған 2012-2014 жылдары қиын жағдайдан жылдам әрі шығынсыз құтылдыңыздар. Үкіметтеріңіз экономиканы тезірек тұрақтандыру үшін алға қарай батыл қадам жасады. Мұны біз клиенттеріміздің несиені дер кезінде қайтарып отырғанынан біліп жүрдік. Қазақстанның экономикасында кері кету болса, адамдардың жұмыстан шығып қалуы немесе жалақысы төмендеуі мүмкін еді.Біздің клиенттерде мұндай болған жоқ. Бұл Қазақстанда экономикалық саясаттың сауатты жүргізіліп жатқандығының белгісі. Осының арқасында біздің де ісіміз алға басып отыр. Операциялық кіріс тұрғысынан Қазақстан біз үшін тұрақты бизнес алаңы болып тұр", – деді Милан Томанек.

Оның айтуынша, банк хоум кредит  Чехия, Словакия және Ресейден кейін Қазақстанда ашылған. "Біз Қазақстанды өз нарығымыз деп есептейміз", –  деді ол.

Банк хоум кредит ұйымының Қазақстандағы еншілес  банкінің қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Ирина Шейкина Қазақстандағы банк клиенттерінің мінсіздігі олардың қаржы ұйымдарының тыныс-тіршілігімен танысып отыратындығымен, қаржы операцияларына қатысты жаңалықтарды қалт жібермейтіндігімен,болашаққа деп ақша жинайтындығымен және қарыз қайтаруға жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленетінін айтты.  

"Әлем бойынша біздің клиенттеріміздің саны 75 миллион адамды құрайды. Оның 3 миллионы қазақстандықтар. Бұл республикадағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 30%-ы. Әрбір 3 клиент біздің банктің  қызметін кем дегенде екі рет пайдаланған", –  деді ол.

Банк сарапшылары сауалнама жүргізіп, 2005-2017 жылдар аралығындағы банктің қаржылық көрсеткіштерін саралап шыққан. Жоғарыда атап өткендей, сарапшылар банк қызметін пайдаланатын мінсіз қазақстандық тұтынушы – қарызды қайтаруға қатысты жауапкершілігін толық түсінетін адам деп тұжырымдады. Қаржылық сауаттылығын арттыруға ұмтылғандардың 55%-ы күнделікті шығындарын жазып отыруды және отбасылық бюджетті жоспарлауды қолға алғандарын жеткізген. Сонымен қатар мінсіз банк тұтынушысы болашаққа қаражат жинауды маңызды қадам деп санайтындығын айтқан.

2016-2017 жылдары банк депозитін пайдаланған клиенттер саны 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе өсіпті. Сондай-ақ аталған жылдары қолма-қол ақша түрінде берілген несиенің орта сомасы 2014 жылға қарағанда 17%-ға артқан. Қазақстандағы 12 жыл ішінде банк клиенттерінің орта жасы 43 болған. Несиені негізінен әйелдер алады. Осы екі жыл көлемінде берілген несие мен ашылған депозиттер бойынша аймақтар арасында Шымкент өңірі көш бастаса, екінші орында Қарағанды, үшінші орында Ақтөбе облысы тұр.

Райхан Рахметова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу