Си Цзиньпиннің өзі Астанаға жоғары бағасын берген

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек" деп есептейді.

Си Цзиньпиннің өзі Астанаға жоғары бағасын берген Фото: Ақорда

Мұндай пікірін Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажет. Азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті болуы тиіс.

Ал елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек. Өйткені оның мәртебесі бөлек.
Бұл орайда Астанада қазірдің өзінде біршама нәтижеге қол жеткіздік. Қалалық ортаны дамытудың бірыңғай тәсілі айқындалды. Мұны биыл жазда елімізде өткен саммиттер кезінде өзге де мемлекеттер басшылары байқаған.

Мысалы, Төраға Си Цзиньпин қаламыздың келбеті айтарлықтай жақсарғанын айтып, жоғары бағасын берді. Бұл – әлемдік ірі державалардың басшылары Қазақстанға келгенде біздің қалаларымыздың келбетіне мән беріп қарайды деген сөз. Мұны қаперде ұстау керек, – деді Мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Елорданың көш басында болуы – заңдылық" деп пікір білдірген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу