Сицилия туры. Алексей Луценко патшалық кезеңді жеңіп, басты есепті ұтты

1100

Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы Алексей Луценко "Сицилия туры 2023" (Джиро ди Сичилия) жарысында көзге түсті. Италиялық көпкүндік сайыстың ең соңғы таулы кезеңінде жеңімпаз атанып, түбегейлі доданың өзін жеңді.

Сицилия туры. Алексей Луценко патшалық кезеңді жеңіп, басты есепті ұтты

"Басты есептегі бар мәселені шешетін сайыс екенін бәріміз біліп шықтық. Сондықтан, мен дәл осы күнгі жарыссқа дайындалдым. Алғашқы күні мен бесінші келдім, кеше де мүмкіндік болған. Бірақ, бүгінгі финал ауыр соқты. Бұрылыстар өте көп екен. Одан кейін соңғы шақырымдарда Дамиана Карузоның құлап қалғаны қатты әсерін берді. Ең бастысы командамызбен 100 пайыздық дайындықпен шықтық" - деді Алексей Луценко.

Луценко Джанмарко Гарофолидің қолдауымен ең соңғы таулы аймақ Кульмине-ди-Скорчиаваккада шабуылға шықты. Жылдамдық алып, өзгелерден қашып құтылған олар Джиарре деп аталатын мәреге бірінші келді.

"Бастапқыда соңғы таулы кезеңде шабуылға шығамыз деген жоспарымыз болған. Сол межеге жеткенде шабуылға шықтық та, н"әтижесінде Карузо екеуміз ғана қалдық. Таудың ора беліне келгенде біз қашып құтылғандарды қуып жеттік. Сосын, тағы бір тік жерге келгенде шабуыл жасадым. Артыма қарасам кішкене алға озыппын, осыны жіберіп алмайын делдім де артыма қарамастан жүре бердім, жүре бердім", - деді Алексей Луценко.

Astana Qazaqstan Team шабандозы мәреге жалғыз өзі келді. Жеке шапқан батырлардай алға озып шықты. Оның бәсекелстері мәреге 40 секундтан кейін бір-ақ келді. Осының арқасында "Сицилия туры" жарысы Луценкоға бағынды.

"Мен жеңісіме қатты қуаныштымын. Команда үшін нәтиже қатты маңызды еді. Күллі командаға бірлесіп жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Бұл командалық жетістік десем артық емес", - деді Луценко.

"Командалық жұмыс пен командалық рухтың арқасында нәтижеге қол жеткіздік. Біз жарыс басталған кезде бар жауапкершілікті өз мойнымызға ілдік. Әрбір шабандозымыз артылған жүкті мойындарымен көтерді. Еш жерде кінәрат болмады. Әрқайсысы берілген тапсырманы орындап берсе түбі жетістікке жететініміз анық болатын. Сицилияда өткізген 4 күніміз үшін алғыс айтамын. Команда тамаша өнер көрсетті", - деді Astana Qazaqstan Team спорт директоры Джузеппе Мартинелли.

"Алексей бүгінгі сайыста тамаша жүрді. Оны тоқтату мүмкін емес еді. Алексей барлығын ғаламат орындап шықты. Бүгін аяғы жүріп тұрды десек те болады. Өте әдемі әрі маңызды жеңіс командаға шабыт сыйлары анық", - деді Джузеппе Мартинелли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу