СІМ-нің неше пәтері мен көлігі бар?

1884

Сыртқы істер министрлігі мен оның құрылымдарының бюджетке қаншаға түсіп отырғаны жария етілді.

СІМ-нің неше пәтері мен көлігі бар?

Сыртқы саясат ведомствосы "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының шығыстарын мәлімдеді.

Бұл бағдарлама қаржысына дипломатиялық қызмет персоналының шығыстары қаржыландырылады, соның ішінде СІМ-нің орталық аппаратының дипломатиялық қызметі персоналын материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету жүргізіледі.

Сонымен бірге, оның аясында шетелдегі елшіліктер, дипломатиялық өкілдіктер қызметін жалпы үйлестіру және дамыту, Нұр-Сұлтан қаласындағы СІМ ғимаратының сәулет-техникалық жай-күйін және функционалдық мүмкіндіктерін жақсарту жүзеге асырылады.

Сонымен, былтырғы 2018 жылы бұл бағытқа 3 миллиард 21,6 миллион теңге жұмсалған көрінеді. Ал 2019 жылы бұл сома 3 млрд 456,7 миллион теңгеге дейін өсті.

Алдағы 2020 жылы бұл сома 3 млрд 521,5 миллион теңгені, 2021 жылы 3 млрд 532,7 миллион теңгені, ал 2022 жылы 3 млрд 550,5 млн теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.

Мұның сыртында "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" атты кіші бюджеттік бағдарлама аясында былтыр 2 млрд 781,6 млн теңге шығындалыпты.

Бірақ бұл қосалқы бағдарлама қаражаты 2019 жылы 722,7 млн теңгеге дейін азайтылған. Келесі жылы оны қаржыландыру көлемі 689,2 млн, 2021 жылы 700,1 млн, ал 2022 жылы 699,1 млн теңге болмақ.

Құжатта министрліктегі шенеуніктер саны көрсетілген, атап айтқанда, СІМ орталық аппаратының және комитетінің дипломатиялық қызмет персоналының жалпы саны 387 адам.

Оларға 13 қызметтік көлік және жалға алынған 2 көлік қызмет көрсететін көрінеді.

Министрліктің 2 қызметтік баспанасы барлығы айтылады.

Жанат Ардақ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу