Сингапур экономикасы құлдырау алдында

4222

Сингапур экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін. Өйткені биылғы жылдың екінші тоқсанындағы экономикалық көрсеткіштер күрт төмендеп кеткен.

Сингапур экономикасы құлдырау алдында

Бұған Қытай мен АҚШ арасындағы сауда қарым-қатынасының шиеленісуі әсер етуде. CNN агенттігінің дерегі бойынша, ел экономикасының жылдық өсімі 2009 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті. Айта кетейік, әлемдік дағдарыс кезінде экономика 0,6 пайызға төмендеген болатын. 

Сингапур билігі сейсенбіде 2019 жылы ЖІӨ 0 және 1 пайыздары аралығында өседі деген болжамын айтты. Бұған дейін экономика өсімі 1,5 және 2,5 пайыздары аралығында өседі деп жарияланған болатын.

Сингапур сауда және өнеркәсіп министрлігіндегілердің айтуынша, Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысының өршуі ел экономикасына тікелей ықпал етуде. Өйткені ел экспортқа тәуелді, ал оның ең ірі сауда серіктесі саналатын Қытайдың ЖІӨ көрсеткіші соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түсіп кеткен болатын.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, ел экономикасындағы бұл үрдіс жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін.

"Қытай мен АҚШ арасындағы даудың жақын арада басылуы екіталай, сондықтан экспорттың азаюы ел экономикасын үшінші тоқсанда рецессияға ұшыратады", - дейді Oxford Economics-тің экономисі Сиан Феннер.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу