"СК-Фармация" ЖШС 159 млн теңгеге сатып алған дәрі-дәрмектің мерзімі өткен"

2574

Сенатор Андрей Лукин Денсаулық сақтау министрлігі және оған қарасты компаниялардың қызметіндегі заң талаптарын бұзу фактілерін атап өтіп, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

"СК-Фармация" ЖШС 159 млн теңгеге сатып алған дәрі-дәрмектің мерзімі өткен"

"Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерге арналған шығындар жоспарын маңызды көрсеткіштер жоқ немесе жоғары белгіленген бюджеттік өтінім негізінде жасаған. Жұмыстағы мұндай тәсіл 66 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына алып келді", – деді сенатор. 

Оның айтуы бойынша, 2020 жылы 39 нозологияға шамамен 66 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Бұл бұзушылықтарға 6 нозология бойынша 26 млрд теңге көлемінде толық қаржыландырылу жүргізілмегендіктен жол берілген. 

"СК-Фармация" ЖШС-ның сақтау қоймаларында 2019-2020 жылдары 159 млн теңгеге сатып алынған, бірақ қазір жарамдылық мерзімі өтуіне байланысты жойылуға тиіс препараттар сақталып тұр. Қолда бар ақпарат бойынша, министрлік препараттарға шекті бағаларды көтерген. Нәтижесінде ол дәрі-дәрмектер өз құнынан жоғары 1,5 млрд теңгеге сатып алынған", – деді депутат.

Лукиннің айтуы бойынша, бұл жағдай нарық қатысушыларының бір-бірімен келісіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қымбат бағада жеткізуіне жол ашады. "Уәкілетті орган "СК-Фармация" ЖШС-інің 9 млрд теңгеге вакцина сатып алу заңдылығын тексерген кезде, аукционға қатысқан "КазБелМедФарм" ЖШС мен Medix арасында Кәсіпкерлік кодекстің 169-бабында тыйым салынған картель белгілерін анықтады. Бұзушылықтарға байланысты құны 14,4 млрд теңге болатын, клиникалық тиімділігі дәлелденген 16 препарат сатып алынған", – деп нақтылады сенатор. Сенатор "СК-Фармация" жұмысын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдауды ұсынды.

"Министрлік бюджеттік өтінім дайындау кезінде барлық медициналық ұйымға қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айқындау үшін бірыңғай ереже әзірлеуі керек, бұл өте маңызды", – деді. 

Сонымен қатар дәрілік заттарды жеткізушілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді әзірлеуге, пациенттер туралы мәліметтерге маңыз бере отырып анықтығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға жауап беруді сұрады. 

Тасқын Болатұлы


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу