Sky: Борис Джонсон отставкаға кетуі мүмкін

2933

Қызметінен кеткен бірнеше министр Джонсонға хат жазып, оның премьерліктен бас тартуын талап етті. 

Sky: Борис Джонсон отставкаға кетуі мүмкін

Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон 7 шілдеде отставкаға кетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Sky News дерегіне сілтеме жасап.

Телеарнаның Даунинг-стриттегі дереккөзіне сүйенсек, жақында үкімет басшысы отставкаға кететінін жариялаған. 

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметіндегі 30-дан астам шенеунік премьер-министр Борис Джонсонға деген сенімін жоғалтуына байланысты қызметінен кетті. Отставкаға кеткендердің  қатарында министрлер де, депутаттар да бар. Бір күн бұрын Денсаулық сақтау және Қаржы министрлері жұмыстан кеткенін мәлімдеді. 

Оның үстіне  отставкаға кеткен бірнеше министр Джонсонға хат жазып, оның премьерліктен бас тартуын талап етті. 

Маусым айының басында Джонсонның консервативті партиядағы әріптестері оған қарсы сенімсіздік вотумын жариялаған еді. Бірақ премьер бұған қарамастан жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетер болсақ, Борис Джонсон Ұлыбританияның премьер-министрі болып 2019 жылғы 24 шілдеде тағайындалды. Ол елді 2019 жылдың 31 қазанында ЕО-дан шығарып, тіпті қажет болса одақпен байланысты үзуге дейін баратынын жариялаған болатын.

Борис Джонсон – есімінің қысқартылған нұсқасы ғана. Толық аты – Александр Борис де Пфеффель-Джонсон. Оның арғы атасы түрік журналисті Әли Кемаль Осман империясының соңғы уәзірі Ахмед Окдайдың үкіметінде ішкі істер министрі болып жұмыс істеген. Тарихи деректер бойынша, Кемаль Ататүрікті тұтқындауға бұйрық берген осы кісі болатын. Бірақ билікке келген Ататүрік оны өлім жазасына кескен.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу