Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек болса: Қазақстанға ұзақ сапар жасап барамыз. Бұл бізге қауіп төндіреді, дейді.
Словения құрамасының бас бапкері Қазақстанмен болатын ойынға алаңдаулы. Словения құрамасының жаттықтырушысы Матьяж Кек 2024-жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсіміне баға берді, жеребе нәтижесінде оның командасы Дания, Финляндия, Қазақстан, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамаларымен бір топқа түсті.
- Жеребе бұданда жақсы немесе нашар болуы мүмкін еді. Менің ойымша, бұл біз бәсекеге түсе алатын топ. Біздің мақсатымыз әрқашанда жарыстың ақтық сынына жолдама алу. Бұл топта барлық командалар ұпай жинайды. Біріншіден, әрине Дания - өзіндік философиясы бар құрама. Қалғандарының мықты немесе осал екені туралы дауласамыз, кез келген құрамаға қарсы ойнауға болады. Оны біз Ұлттар лигасында дәлелдедік. Әрине, Қазақстанға ұзақ сапар жасау қажетпіз. Міне, осы жері бізді алаңдатады. Сан-Мариноны қоспағанда, барлық ұлттық құрамалардан ұпай жоғалтып қалу қаупі бар- дейді Кек.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024-жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойындарының негізгі кезеңінде Словения құрамасына қарсы ойын өткізеді. Қос ұжым іріктеу ойындар аясындағы алғашқы ойындарын өткен жылдың қазан айында Астана қаласында өткізген, ол кездесуде Кака шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осыған дейін өткен іріктеудің 3 ойынында қарсыластар қақпасына 14 гол соғып, өз қақпаларына небәрі 1 гол өткізіп алған Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Іріктеудің Элиталық кезеңіне шығу үшін Қазақстан құрамасына Словениядан жеңілмеу жеткілкті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Чехияның Брно қаласында өткен Әлем біріншілігінің тоттық кезеңінде Словения құрамасымен кездесіп тартысты өткен ойында Қазақстан құрамасы 4-3 есебімен жеңіске жеткен. Қос ұжым өзара 4 мәрте кездескен, 2 ойын тең аяқталса, 2 мәрте Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен.
Қазақстан – Словения арасындағы ойын 21:00-де басталады.