Словенияны өрге сүйрегендер

1037

Ертең Қазақстан құрамасы Словения ұлттық құрамасына қарсы алаңға шығады. Словения футболында біз кімдерді танимыз?

Словенияны өрге сүйрегендер

Златко Захович Словения футболы тарихындағы ең үздік ойыншы. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы ұлттық құрама сапында 80 ойын өткізіп 35 гол соққан, бұл рекордттың жақын арада бұзылуы екіталай. Златко Захович Словения құрамасы үшін алғашқы ойынын 1992 жылы 7 қарашада Кипр құрамасына қарсы өткізген. 1998-1999 жылдары Еуропа біріншілігіне іріктеу ойындарында керемет өнер көрсеткен Златко Захович өз құрамасымен 2000 жылы Бельгия және Нидерланд жерінде өткен Еуропа чемпионатына бастап барады және сол жарыста Словения құрамасы соққан 4 голдын 3-еуін соғып, Словения футбол тарихында Еуропа біріншілігінде ең көп гол соққан футболшы болып саналады. Сондай-ақ, Златко Захович "Порту", "Бенфика", "Валенсия" сынды клубтарда өнер көрсетіп, 2 мәрте Португалия кубогін, 4 мәрте Португалия чемпионатын жеңіп алған және "Валенсия" клубымен 2000-2001 жылғы Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен. Жалпы алғанда клубтық деңгейде 339 ойын өткізіп, 70 гол соққан. Жасыл алаңда керемет ойын өрнегін көрсеткенімен, әлемдік футбол жұлдызына айнала алмады. Оған басты себеп – Златко Заховичтің қыңыр мінезі, бапкерді тыңдамау, тактикалық жұмыстарына қарсы шығу, жаттығудан өзі қалаған уақытта кетіп қалу, командаластарын қомсынуы сияқты әрекеттердің жиі қайталануы. Осының барлығы Златко Заховичтың спорттық ғұмырын аяқтауғада өз септігін тигізді. Спорттық мансабын аяқтаған Златко Захович "Марибор" клубының спорттық директоры болып қызымет істейді, осы жұмысында жүріп көптеген дарынды да талантты жас футболшыларды тауып, олардың кәсіби футболшы болуына көмектескен. Сондай футболшының бірі – Йосип Иличич.

Йосип Иличич – Словения құрамасында Златко Заховичтің ізбасары деп есептеуге болады, алаң ортасындағы әдемі ойыны, ақылды пастары көрермен көңілінен шыға білген ойыншы. Йосип Иличичтің балалық шағы өте қыйын болған, 1990 жылдардың басында Босниядағы соғыс кезеңі Йосипке психологиялық тұрғыдан қатты әсер етеді. Осылайша Йосип Иличич жас кезінен психологиялық ауырумен күресіп келеді. Қиын жағдайына қарамастан Йосип Иличич жасыл алаңда өте жақсы ойнай білді, әсіресе Йосип Иличич көпшілік көреременге "Аталанта" сапындағы жасындай жарқылдаған сәттерімен есте қалған. Жалпы спорттық мансабында Йосип Иличич Словения құрамасы үшін 79 ойын өткізіп, 16 гол соққан. Қазіргі таңда Йосип Иличич Словенияның "Марибор" клубында өнер көрсетеді.

Қазіргі Словения құрамасының басты жұлдызы, атағы жер жарып тұрған –  Ян Облак. Испанияның чемпионы, Испания кубогінің иегері, сондай-ақ, Испания біріншілігінде 4 мәрте үздік қақпашы атанған Ян Облак әлемнің үздік қақпашыларының бірі екені даусыз. Словения құрамасында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ян Облак тұрақтылығымен талайды таңқалдырды. Құраманың тағы бір көшбасшысы, қақпашы Самир Ханданович 2015 жылы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтаған соң негізгі Облак негізгі қақпашы болып алды. Ян 2019 жылдан бастап Словения құрамасының капитаны болып келеді. Ян Облак көпшіліктің көңілін өзінің қақпадығы сенімді ойнымен және алынбастай болған жойқын соққыларды қайтару арқылы иелене білді, десе де Ян Облак өз қақпасына Криштиану Роналдуадан ең көп гол өткізіп алған екен. 17 ойында 11 гол, қанша жерден ел мақтап қыз жақтаған болсада қақпасынан саңлау табуға болады деген сөз.

Ұлар Айбын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу