Слуцкий Қазақстанға келуі мүмкін

1051

Ресей құрамасының бұрынғы бапкері біздің елдегі бір команданы баптайды дейді ресейлік сайттар. 

Слуцкий Қазақстанға келуі мүмкін

Ресей ұлттық құрамасының экс-бапкері Леонид Слуцкий мансабын Қазақстанда жалғастырып қалмақ ниетте. Әзірше Қазақстан Премьер-Лигасының қай клубының көзі Слуцкийге түсіп жүргені белгісіз. Тараптар арасында келісім тұрмақ, ұсыныста жасалмаған екен. Соңғы рет бапкер "Рубин" ФК баптады. Ол бұл ұжымнан 2022 жылдың қараша айында кетті.

Слуцкий Ресей біріншілігін үш рет жеңіп алған. Маман мәскеулік ЦСКА-мен әр жылдары жетістікке жетіп отырды. Құрама тізгініндеде бапкер аузын құр шөппен сүртіп қалмады. Ол Ресей футболшыларын Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне дейін алып шыққан болатын. Тағы қосар болсақ, Леонид "Витесс" және "Халл" командаларында қызмет атқарған.

"Астана" сапы хорват қақпашысы Йосип Чондричпен толықты. 29-жастағы Йосип мансабының көп бөлігін өз отанында өткізді. Ол "Рудеш", "Истра" және "Загреб" ұжымдарында өнер көрсеткен болатын. 2020 жылы Чондрич "Роторға" ауысып келді. Футболшының ең соңғы рет доп тепкен клубы "Зриньский" екенін айта кетейік. Онда Йосип Босния чемпионы атанған болатын. Ол бұл ұжымда өткізген 38 ойынның 20 гол жібермеген. Еске салсақ, "Зриньский" "Тобылды" Конференция Лигасында тізе бүктірген еді.

"Жиль-Висентенің" экс-шабуылшысы Элдер Сантана батыс-қазақстандық ұжым сапынан кетуге жақын. Футболшы "Ақтөбенің" "Спартакқа" қарсы кездесуіне қатысып, голдық пас берді. Алайда, "қызыл-ақтардың" бапкерлік штабы Сантананың болашағына қатысты шешім қабылдап үлгермеді. Олар футболшы тарапынан тағы бір ойын күтіп отыр. Элдердің өзі болса, келісімшартсыз жүруден аулақ екен. Былайша айтқанда, құр қолға бата жүрмейді деген қағидат. Жағдайды ақша мәселесіде ушықтыруда. "Ақтөбе" Сантана үшін 10-15 мың доллар жалақы беруге шамасы жетпей отыр екен. Соған қарағанда батыс-қазақстандық команда Жерар Гоуды алмастырар жаңа шабуылшы іздейтін шығар. Бразилиялық "Ақтөбе" қаралымына "Жиль-Висенте" ұжымынан ауысып келді. Шабуылшы португалиялық біріншілікте барлығы 26 ойын өткізіп, 2 гол салған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу