Смағұловтың сынынан кейін Қосшыдағы қоқыс алаңдары тексерілгелі жатыр

1972

Бұған дейін Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Қосшы ауылының әкіміне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын. Оның хабарлауынша, Қосшы әкімдігінің тек белгілі бір кәсіпкерлермен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істеуі үлкен күмән тудырады. Оның үстіне ол кәсіпкердің бірінің Қосшы әкімі Ержан Жолымбетовпен жерлестігі, отбасы болып араласатыны туралы (Смағұловтың ақпаратына сәйкес) мәлімет күмәнді тіпті үдете түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Смағұловтың сынынан кейін Қосшыдағы қоқыс алаңдары тексерілгелі жатыр

"Осыған қарамастан егер менің күмәнім орынсыз болса, постты жойып, кешірім сұрауға дайынмын", - деген еді 30 шілдеде жариялаған постында Дидар Смағұлов

Кейін Смағұловтың өзі қайтара пост жариялады. Қосшының әкімі бұл ақпаратты жоққа шығара отырып, адвокаттары арқылы Дидар Смағұловтың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен көрінеді. Алайда әкім жарияланған постқа нақты салмақты жауап бере алмаған.

"Мен бұрын Қосшыда әрбірі 9 млн теңгелік, 12 метрлік 12 қоқыс алаңы салынуы керектігі туралы жазған едім. Бірақ біз бар-жоғы 7 қоқыс алаңын ғана таптық. Олардың ұзындығы 6,5 метр болса, екеуінікі тіпті 3,5 метрден ғана. Жалпы саны түгілі құжат бойынша 12 метр болуы керектігі жөнінде де талап орындалмаған. Әрбір алаңның тереңдігі 3 метрден болуы тиіс еді. Шынтуайтында 1,5 метр ғана. Бұлардың бәрінің маңызы зор. Себебі айырмашылық расталса, 1 шаршы метр үшін шығын екі есе азаяды", - дейді ол.

Дидар Смағұловтың Қосшы ауылының әкімдігімен "текетіресінің" үшінші посты бүгін жарияланды. Оның жазуынша, қатарынан екінші күн Қосшы ауылының тұрғындарынан айтылған алғыстарымен бірге жекесіне фотосуреттер келіп жатқан көрінеді. 

"Өткенде жариялаған посттан кейін қоқыс алаңдарындағы жұмыс жедел түрде аяқталып жатыр. Бұдан былай қаланы көріктендіру жұмысы құжаттар мен шығындарға сай келеді. Сол кездегі жарияланымның басты мақсаты орындалды деп айтуға әбден болады", - дейді ол.

Дидар Смағұловтың жазуынша, Қосшы ауылының әкімінің жауапкершілігі әлі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр. 

"Аптаның басында ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, прокуратураға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, сонымен қатар республканың Бас прокурорына, Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудитіне бес өтініш жолданды. Өкінішке қарай, ішкі мемлекеттік аудит департаменті оған қатысты тексерісті жүргізуге тек келесі дүйсенбіде (жоғары тұрған органнан тиісті тапсырма түсіп қойды) кіріскелі тұр. Уәкілетті органдардың сылбыр қимылы көңіліңді түсіреді: бір аптаның ішінде заңбұзушылықтардың біршамасы реттеліп те қалатыны анық", - дейді ол.

Дидар Смағұлов сонымен қатар жарияланым өтінішпен бірге неліктен бір уақытта жарияланғанын айтады. Қоғам назарын осы мәселеге аудару үшін БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан резонанс керек болған.

"Белгілі бір проблема туралы бір мемлекет білген кезде оған бел шеше кірісіп, шынайы тергеу жүргізуге екінің бірі кіріскісі келмейді. Бұл біздің қоғамның айнасы. Сол үшін бұл мәселені алдағы уақытта да назарда ұстаймыз", - дейді ол.

Іnbusiness.kz порталының тілшісі осы істің мән-жайын білу үшін Қосшы ауылының әкімі Ержан Жолымбетовке қоңырау шалып көрген болатын. Алайда әкімнің ұялы телефонының нөмірі өшіп жатты.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу