Атақты қазақ футболшысының ұлы Түркияның "Бешикташ" клубында доп тебетін болды

Аламгир Смақов аталған командамен келісімшартқа қол қойған. 

Атақты қазақ футболшысының ұлы Түркияның "Бешикташ" клубында доп тебетін болды Фото: kff.kz

Ол – даңқты футболшы Самат Смақовтың ұлы, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

16 жастағы Аламгир Смақов Ыстамбұлдың "Бешикташ" футбол клубының жастар командасында бір жылдан бері жаттығып келеді. Десе де, келісімшарт ұсынылмағандықтан, ол ойыншы ретінде ресми кездесулерге қатыса алмаған. 

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Самат Смақовтың өзі де 2013 жылдың бірінші жартысын Түркияның "Ризеспор" сапында өткізген болатын. Маусым қорытындысында Смақов Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы атанған-ды. 

Енді танымал футболшының ұлы Аламгир да түркиялық клуб сапында өз шеберлігін танытуға мүмкіндік алып отыр. Яғни, ақпанда Аламгир "Бешикташпен" келісімшартқа қол қойған. 

Еске салайық, "Бешикташтың" негізгі командасында тағы бір қазақстандық футболшы, ұлттық құраманың ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов та доп тебеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу