"Сметов – 16, Әбужақынова – 1-орында тұр": Қазақ дзюдошыларының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

48 келіде белдесетін қазақ қызы Әбиба 4596 ұпаймен көш бастаған. 

"Сметов – 16, Әбужақынова – 1-орында тұр": Қазақ дзюдошыларының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды Фото: 1bol.kz

Бұл оның өз салмағында әлемдік рейтингте тұңғыш рет бірінші орында тұруы емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жылы өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені місе тұтқан Әбужақынова жыл аяғында өтетін Абу-Даби және Токио Гранд Слэм турнирлерінде күресуі мүмкін.

Бұл салмақта сынға түсіп жүрген ұлттық құраманың тағы бір үздігі Ғалия Тынбаева 25-ші сатыға жайғасқан. Ал 63 келіде Париж Олимпиадасына қатысқан Есмигүл Құйылова 908 ұпаймен 49-орында тұр. Әйелдер арасында аса ауыр салмақта күресетін Назгүл Маратова жер-жаһанның ең үздік 45 дзюдошысы атанған.

Ерлер арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов – 16, Ғұсман Қырғызбаев – 14, 81 келіде күресетін Абылайхан Жұбаназар 13-орынға лайық деп танылса, -100 келіде Шархан Нұрлыхан 30-шы сатыда тұр. +100 келіде Ерасыл Қажыбаев рейтингте 21 сатыдан байқалады.

Еске салайық, биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы жүлдесіз қалды. Аталған сында Париж Олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев жарысты небәрі 7-орынмен аяқтаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу