Софья Берульцева Римдегі Премьер-лигада алтын медаль жеңіп алды

91

Турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік үштікке енді. 

Софья Берульцева Римдегі Премьер-лигада алтын медаль жеңіп алды

Италия астанасы Римде каратэден WKF Премьер-лигасының 2026 жылғы екінші кезеңі аяқталды.

Турнирдің қорытындысы бойынша медаль кестесінде бірінші орынды Жапония құрамасы иеленді (3 алтын, 2 күміс, 3 қола). Екінші орын Италияға бұйырды (1 алтын, 1 күміс, 6 қола). Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен үшінші орынға тұрақтады.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) финалда Англия спортшысы Рошель Уолтерсті 2:1 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Осылайша ол Премьер-лига жарысында қатарынан екінші рет алтын медаль жеңіп отыр.

61 келіге дейінгі салмақта Әсел Қанай күміс жүлде иеленді. Ал 18 жастағы Мирас Әбдіқадыр (-60 кг) қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, турнирге 66 елден 384 спортшы қатысты. Келесі кезең сәуір айында Қытайда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу