Софья Берульцева - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

1602

Өкінішке орай спортшыларымыз бүгін де алтын жүлде ала алмады.

Софья Берульцева - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токиодағы Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. 61 келі салмақта өнер көрсететін Софья жартылай финалда мысырлық Ферьял Абдельазизбен кездесіп, 4:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Софья Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.  Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы сегізінші қола жүлдесі.

Сонымен қатар еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдесіне таласқан Дәулет Ниязбеков үндістандық қарсыласынан жеңілді. Айта кетейік, жұбаныш белдесуіндегі алғашқы кездесуінде Дәулен сенегалдық Адам Диаттаны жеңген болатын. Бірақ екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Баджранг Пуния отандасымыздан 8:0 есебімен басым түсіп, Дәулетті жүлдесіз қалдырды. Нәтижесінде қазақстандық балуандар Токио Олимпиадасын жалғыз қоламен аяқтады.

Қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев іріктеудің үшінші жекпе-жегінде Угур Акташқа 3:11 есебімен жеңіліп, келесі кезеңге өте алмады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу