Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қысқа бағдарлама бойынша 3-орын алды

239

Еркін бағдарлама бүгін, 9 қазанда өтеді. 

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қысқа бағдарлама бойынша 3-орын алды Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 69,45 ұпай еншіледі.

Бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова аралық есепте көш бастады. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким – 75,99 ұпай.

Сондай-ақ қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай, 13-орын), Алика Халимова (44,68, 14-орын), Амира Ирматова (42,03, 16-орын), Зере Сарбалдина (41,92, 17-орын) және Амина Алексеева (32,68, 19-орын) өнер көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу