Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартты

288

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-та өтіп жатқан турнирде Қазақстан атынан тек Софья ғана өнер көрсетті.

Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартты Фото: dzen.ru

Софья Самоделкина АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен "Cranberry Cup International 2025" турнирінде күміс жүлде жеңіп, жеке рекордын жаңартты.

2026 жылғы Олимпиада жолдамасының иегері қысқа бағдарламадан 65,80, еркін бағдарламада 137,35 ұпай, жалпы есепте 203,15 ұпайға қол жеткізді. Бұл аталмыш жарыстағы Софьяның күміс медалі Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде болып тіркелді.

Бірінші орынды америкалық Изабо Левито (207,61), үшінші орынды оңтүстіккореялық Жиа Шин (179,97) иеленді. 

Жарысқа 20 елден 99 спортшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу