Солтүстік Корея қайтадан зымыран ұшырды

2826

Корей Халық Демократиялық Республикасы шығыс жағалауынан тағы да зымыран ұшырды. Бірқатар шетелдік басылым снарядтар баллистикалық деп жариялап жатыр. 

Солтүстік Корея қайтадан зымыран ұшырды

Зымырандар Хамген-Намдо провинциясынан ұшырылған. Осы жағдайға байланысты Оңтүстік Корея Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Кездесу ел президентінің мемлекеттік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі хатшысының жетекшілігімен өтті. Ресми Сеул қазіргі жағдайды бақылауында ұстап отыр. Биліктің айтуынша, олардың жауынгерлік әзірлігі жоғары деңгейде. 
Ал Жапонияның қорғаныс министрі: "Егер Пхеньян сынақтан өткізілген зымыран баллистикалық болып шықса, онда Солтүстік Корея бұл әрекетімен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі резолюциясын бұзып отыр",-деді. 
Бірақ NHK телеарнасының дерегі бойынша, Жапония аумағынан баллистикалық зымыранның ұшып өткені тіркелмеген. 
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея 25 шілдеде басқарылатын екі зымыранды сынақтан өткізген еді. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореядан тамыз айына белгіленген ортақ әскери жаттығуларынан бас тартуды талап еткен. Бірақ қос тараптың бұл шартпен келіспеуі Пхеньянның осындай қадамға баруына түрткі болды.   

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу