Ол егер Вашингтон ядролық қарусыздандыру туралы талаптарынан бас тартса, АҚШ-пен келіссөз жүргізуге бейіл, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Егер АҚШ ядролық қарусыздандыруға деген бос құмарлығынан бас тартса және шындықты мойындай отырып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылуға дайын болса, бізде АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға ешқандай себеп болмайды, – деп Йонхап агенттігі.
Солтүстік Корея көшбасшысының сөзін мысалға келтіреді.
Айта кетейік, қос ел президенті соңғы рет 2019 жылы кездескен еді.
"Жеке менің президент Трамп туралы жақсы естеліктерім бар", – деп қорытындылады сөзін Ким Чен Ын.
Жалпы Оңтүстік Кореямен байланысына тоқталған Солтүстік Корея басшысы Сеулмен келіссөз ешқашан болмайтынын нақтылаған. Пхеньян оңтүстікпен бірігуге ұмтылмақ емес.