Солтүстік Корея Швейцария дипломатына елден кетуге 48 сағат уақыт берді

678

Бұл ел Пхеньянмен ресми байланыс орнатқан санаулы батыс мемлекеттерінің бірі.

Солтүстік Корея Швейцария дипломатына елден кетуге 48 сағат уақыт берді Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Солтүстік Корея Швейцарияның дипломатына ел аумағынан кетуге 48 сағат уақыт берді. Сонымен қатар Пхеньянда жуырда ғана ашылған өкілдікті жабу талап етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Кореядағы Швейцария өкілдігі бір айдан астам уақыт қана жұмыс істеп жабылмақ. Ел билігі Швейцариядан Пхеньянда жақында ашылған дипломатиялық өкілдікті жабуды талап етіп отыр. Бұл кеңсе 19 қазанда ашылған болатын. Ал оның басшысына елден кетуге 48 сағат уақыт берілді. 

Бұл Швейцарияның Ресеймен байланысы болуы мүмкін балалар лагеріне салған санкцияларына жауап ретінде жасалды. Берн жақында Вонсан қаласында орналасқан Сонгдоуон халықаралық балалар лагерін қара тізімге енгізді. Швейцария билігінің мәліметінше, тиісті нысан Ресей басып алған аумақтардан украиналық балаларды Солтүстік Кореяға жіберу бағдарламаларына қатысады, ал онда балаларға ресейшіл үгіт-насихат жүргізіледі.

KCNA мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлағандай, Сыртқы істер министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Швейцария миссиясының басшысы Астье Сильвенді шақыртып, оған кеңсені жабу туралы жазбаша талапты ұсынған. Пхеньян оны "нон грата тұлға" деп таныды.

Швейцария мен Солтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1974 жылы орнады. Бұл ел Пхеньянмен ресми байланысын үзбеген санаулы батыс мемлекеттерінің бірі болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу