Чехияда өтетін сайыста Қазақстан құрамасының қарсыластары Румыния, Словения және Чехия құрамалары болады. Футзал құрамасының бапкерлік кеңесі осы аптаға қызықты жоспар құрыпты. Алдағы күндері команда ойыншылары жанкүерлермен бірге киноға барады. Ал жаттығу жұмыстары 31 қаңтарға дейін созылады. Әлем біріншілігіне жолдама алу үшін құрамамыз өз тобында бірінші орын алуы тиіс.
Құраманың басты мақсаты Әлем біріншілігіне жолдама алу. Бас бапкер Рикардо Кака ойыншылардың тынысын ашып, алаңдағы ойынын түзеп беруі тиіс. Бразилиялық маманнан жанкүйерлер тек жоғарғы нәтиже ғана күтеді. Егер мақсат орындалмаса онда көпшіліктің көңілі қалары анық.
Қазақстан біріншілігінің үздік ойыншысы марапаты өткен жылы Қайрат Иманалинге бұйырды. Ал "Қайрат" футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков үздік ойыншы Иманалин емес, Игита болды деп өз пікірін жарияға паш еткізді. Десе де, Иманалиннің бұл жағдайдан именерге себебі жоқ.
Футзал құрамасының бапкерлік кеңесі осы аптаға қызықты жоспар құрыпты. Алдағы күндері құрама ойыншылары жанкүерлер мен тілшілерді ертіп киноға барады. Сосын бірнеше ашық жаттығу көрсетеді. Қазақстан футбол федерациясы соңғы кездері осындай іс-шараларға күш салып, фанаттардың көңілінен шығуды қарастырып жатқандай.
Ермұхамед Мәулен