Америкалық аэроғарыш компаниясы SpaceX, бас директоры кәсіпкер Илон Маск, бортында 20 жерсерігі бар Starship зымыранын ғарышқа сәтті ұшырды. Бұл туралы компания X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Хабарламаға сәйкес, SpaceX Starship зымыран-тасығышының 13-сынақ ұшуын сәтті өткізіп, Starlink V3 сериясындағы 20 жерсерікті Жер орбитасына шығарды.
Ғарыш аппараты АҚШ-тың Техас штатындағы Starbase ғарыш айлағынан ұшырылып, ұшу тапсырмасын орындағаннан кейін Үнді мұхитына жоспарланғандай жұмсақ қонды.
Бұған дейінгі 7-сынақ ұшуы (2025 жылы 16 қаңтар), 8-сынақ ұшуы (2025 жылы 7 наурыз) және 9-сынақ ұшуы (2025 жылы 28 мамыр) кезінде Starship ұшу барысында істен шығып, жойылған болатын. Ал 10-сынақ ұшуы Техастағы бұлтты ауа райына байланысты кейінге қалдырылғанымен, кейін сәтті жүзеге асты. 11-сынақ ұшуы да 2025 жылғы 13 қазанда табысты өтті.
Соңғы 12-сынақ ұшуы кезінде зымыран сәтті ұшырылғанымен, ұшу барысында бірнеше қозғалтқышта ақау пайда болды. Соның салдарынан аппарат Үнді мұхитындағы жоспарланған қону аймағына құлап, күтпеген жерден өртеніп кетті.