Спартакиадада жас таланттар топ жарды

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3931

Сыр елінде өткен шаршы алаңдағы жекпе-жектерде талантты жастарымыз өсіп келе жатқанын көрдік.

Спартакиадада жас таланттар топ жарды Фото: kfb.kz

Қызылордада бокстан бүкілқазақстандық жазғы Спратакиада айдарымен ерлер арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 146 былғары қолғап шебері қатысты. Жақында Бангкоктағы Азия чемпионатында бақ сынаған боксшылар бұл турнирден босатылды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев бұл жөнінде:

"Азия чемпионатына қатысқан үздіктерімізге жарақаттарынан айығып, тынығып алуға рұқсат берілді. Бұл жолы олардың өкшесін басып келе жатқан басқа боксшыларымыздың әлеуеттерін байқап көреміз. Есесіне, шілде айында өтетін Президент кубогына бәрі де қатысады. Сонда "Сарықұрлық" біріншілігіне қатысқан жігіттеріміз бен Спартакиада жеңімпаздарының жолдары түйісіп, нағыз мықтылары анықталады", – деп мәлімдеме жасаған болатын.

Сыр еліндегі "Мұзайдыны" аренасындағы жекпе-жектер аса қызықты өтті. 18-19 жастағы жас таланттарымыз көп болды. Олар ересектер арасындағы додада тәжірибелі ағаларынан тайсалмай, өз өнерлерін паш етті. Бұл ретте, Саматәлі Төлтаев, Талғат Шәйкен, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай сынды болашағынан зор үміт күтетін жігіттерімізді айрықша атап өтуге болады. Ермахан Жақпеков те мамандар көзіне ілікті.

Жалпы командалық есепте астана боксшылары 5 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен топ жарды. Екінші орында – 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншілеген Маңғыстау облысының жігіттері. Үздік үштікті Түркістан облысының боксшылары түйіндеді (1 алтын, 1 күміс және 2 қола).

Бокстан 2019 жылғы жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

49 келі

I. Асхат Жүсіпов (Нұр-Сұлтан)

II. Жомарт Ержан (Түркістан)

III. Жандос Несіпжан (Алматы облысы), Ермек Мәдиев (Жамбыл)

52 келі

I. Сәкен Бибосынов (Түркістан)

II. Евгений Павлов (СҚО)

III. Абай Қуандықов (Ақтөбе), Азат Махметов (Нұр-Сұлтан)

56 келі

I. Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау)

II. Ілияс Сүлейменов (Нұр-Сұлтан)

III. Оразбек Асылқұлов (Ақмола), Нығметолла Молдашев (ШҚО)

60 келі

I. Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау)

II. Әділет Құрметов (ШҚО)

III. Ерсұлтан Болат (Ақмола), Серік Теміржанов (Павлодар)

64 келі

I. Ділмұрат Мижитов (Алматы)

II. Нұржан Мақашбаев (Алматы облысы)

III. Сабыржан Бекбергенов (Ақмола), Сабыржан Әбілов (Қызылорда)

69 келі

I. Талғат Шәйкен (Ақмола)

II. Аятолла Такижанов (Павлодар)

III. Станислав Цой (Жамбыл), Қанағат Маралов (Нұр-Сұлтан)

75 келі

I. Тимур Нұрсейітов (Нұр-Сұлтан)

II. Ермахан Жақпеков (ШҚО)

III. Ерсұлтан Советов (Қарағанды), Амандық Манашев (Атырау)

81 келі

I. Нұрбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

II. Ерік Әлжанов (Маңғыстау)

III. Қуандық Жүсіп (Қызылорда), Дінислам Әбдешов (Түркістан) 

91 келі

I. Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан)

II. Оңталап Рахманов (Қызылорда)

III. Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау), Абзал Құттыбеков (Түркістан) 

+91 келі

I. Нұрболат Сермаханов (Нұр-Сұлтан)

II. Сержан Сейтімбетов (Ақтөбе)

III. Данил Семёнов (Қостанай), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл)

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу