Спорт журналистері "Оскары" Лозаннада табыс етілді

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
3078

Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы сегіз номинация бойынша үздіктердің үздігін анықтап, салтанатты түрде марапаттады.

Спорт журналистері "Оскары" Лозаннада табыс етілді Фото: aipsmedia.com

Швейцарияда Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 82-інші Конгрессі басталды. Бүкіләлемдік жиын жаңа бәйгенің жеңімпаздарын марапатаумен ашылды. Лозанна қаласындағы Beau-Rivage Palace қонақ үйінде өткен, AIPS Sports Media Awards бәйгесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатына Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қатысты.

Өз кезегінде, спорт журналистерінің "Оскары" атанған AIPS Sports Media Awards бәйгесі – тың жоба. 1924 жылы Парижде құрылған Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы мұндай бәйгенің қолға алынғаны және өткізілетіні жөнінде 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада кезінде жарияланған болатын. Жалпы, бұл бәйге сегіз номинация бойынша ұйымдастырылды.

AIPS Sports Media Awards бәйгесіне деген қызығушылық өте жоғары болған. Оған 119 елден 1273 өтініш (материал) түскен. Финалға олардың 24-і ғана өтті. Осы ретте айта кетейік, бүгінде AIPS құрамына 130 мемлекеттің спорттық басылымдары қауымдастығы (одағы) кіреді. Әр номинацияда жеңімпаз атанғандарға 8000 доллардан, ал жүлдегерлерге 3000 және 2000 доллардан сыйақы берілді.

Енді жеңімпаздар тізімімен таныс болыңыздар:

Фотосурет (Спорттық акция) – Vincent Riemersma, Skating Shadows, PZC (Нидерланд),

Фотосурет (Portfolio) – Adam Pretty, су спорты түрлерінен Будапештегі әлем чемпионаты, Getty Images (Германия),

Мақала (үздік бағана) – Игорь Рабинер, "Спортшылар немесе құлдар?" Рабинер Олимпадаға байкот жариялауға қарсы, "Спорт экспресс" (Ресей),

Мақала (үздік түрлі-түсті пьеса) – José Ignacio Pérez Hernández, Мен Освенцимде футбол ойнадым", MARCA (Испания),

Видео (деректі фильм) – Emanuela Audisio, 1968 – Спорт және революция, 3D Produzioni (Италия),

Видео (спортшы профилі) – Diego Hurtado De Mendoza / Greg Groggel / Peter Berg, Халық батырлары: Tеофило Стивенсон немесе Куба боксының аңызы, Olympic Channel (Испания), 

Аудио – Pirmin Styrnol / Jürgen Schmidt / Horst Eckel, Хорст Эккель – Берннің мәңгілік батыры, SWR2 (Германия),

Журналист видеоблогы – Yin Ma, Exclusive! A Wechat log between two legendary women, Lang Ping and Li Yan, highlighting their resilience, We Love Volley (Қытай).

Бұдан кейін Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы (AIPS) 82-інші Конгресін бастады. 102 елдің спорт журналистері жиналған басқосуға Қазақстан спорт басылымдар қауымдастығынан Ілияс Омаров (ҚСБҚ президенті), Станислав Филиппов (Бас хатшысы) және Нұрғазы Сасаев (вице-президенті) қатысып жатыр.

Қазақстан спорт басылымдар қауымдастығының өкілдері аталмыш Конгресс барысында ХОК (IOC) президенті Томас Бахпен және AIPS президенті Джанни Мерломен кездесті. Кеше кешкісін Лозаннадағы AIPS Конгресіне қатысып жатқан барлық елдің өкілдері Олимпиада мұражайында болып, оны бастан-аяқ тамашалап шықты.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу