Спортшыларымыздың 14 ақпанға арналған қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс кестесі

103

 Қазақстандық спортшыларға қолдау білдіріп, тарихи сәттердің куәсі болайық. 

Спортшыларымыздың 14 ақпанға арналған қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс кестесі Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 14 ақпан,  2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері бірнеше спорт түрінен бақ сынайды. Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан дүбірлі додада отандастарымыз жүлде жолында бар күш-жігерін салмақ. 

Күн тәртібіндегі жарыстар, Астана уақытымен:

14:00 – Тау шаңғысы (алып слалом, ерлер)
Ростислав Хохлов ел намысын қорғайды. Алып слаломда спортшының техникасы мен жылдамдығы шешуші рөл атқарады.

14:30 – Фристайл-могул (параллель могул, әйелдер)
Аяулым Әміренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко жүлдеге таласады. Бұл дисциплинада жылдамдықпен қатар, секіру элементтерінің күрделілігі жоғары бағаланады.

16:00 – Шаңғы жарысы (эстафета, әйелдер)
Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко командалық сында бақ сынайды. Эстафета – ұйымшылдық пен төзімділікті талап ететін жарыс.

18:45 – Биатлон (спринт, әйелдер)
Аиша Рақышева мен Милана Генева қысқа қашықтықтағы спринтте мергендік пен жылдамдықтарын көрсетеді.

Барлық жарыстар Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу