Ол ат снарядындағы жаттығуда финалға сәтті өтіп, шешуші сында 14.133 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін осы турнирдегі алғашқы медаль ретінде тіркелді.
Жарыстың финалдық бәсекесі тартысты өтті. 1-орынды хорватиялық Матео Зугеч иеленіп, 14.166 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті Ұлыбритания спортшысы Джошуа Нэтан түйіндеп, 14.100 ұпай нәтижесін көрсетті.
Қазақстанның тағы бір өкілі Нариман Құрбанов финалда 7-орынға тұрақтап, 13.233 ұпай жинады. Жалпы алғанда, бұл кезең қазақстандық гимнасттар үшін тәжірибе мен халықаралық деңгейдегі бәсекеде өзін көрсету тұрғысынан маңызды жарыс болды.