Стадиондар реттелсе, Чемпионат қайта жалғасады

1764

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық клубтардың басшыларымен бейнеконференция өткізді.

Стадиондар реттелсе, Чемпионат қайта жалғасады

Жиынның басты тақырыбы – OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының, Бірінші және Екінші лигалардың және Қазақстан Республикасының Кубогының ойындарын өткізу.

Клубтарға елде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған арнайы жоспар ұсынылды. Аталған шаралар қазіргі уақыттағы карантин барысында және ойындар кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Протоколын қатаңдату шарттарымен ойластырылған.   

Клуб басшыларына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының бірнеше турын бір қалада өткізуге ұсыныс жасалды. Чемпионатты жалғастыруға арнайы Комиссиямен қарастырылған бір нұсқа – ол Алматы және Талғар қалаларындағы тексеруден өткен 4 стадионды пайдалану. Орталық және "Жас Қыран" стадиондарына жарысты өткізуге рұқсат берілгені белгілі. Ал Т. Сегізбаев атындағы аренада және Ұлттық құрамалар Базасында бірқатар кемшіліктер бар. Егер аталған кемшіліктер жойылса бұл стадиондарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының кездесулерін өткізуге рұқсат берілуі мүмкін.  

Бірінші лига командалары арасындағы Біріншілікті екі конференцияға бөліп, тек қана бір айналым өткізу ұсынылды. Бұл лиганың кездесулерін де бір локацияда өткізу жоспарлануда, аталған орын кейін белгілі болады.

Екінші лига командалары арасындағы Біріншілікке қатысты Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тарапына мемлекеттік органдардан елде орын алған жағдайға байланысты кәмелетке толмаған ойыншылардың қатысуымен өтетін барлық жарыстардан бас тартуға ұсыныс жасалды. Бірақ ҚФФ және ҚКФЛ бұл турнирді эпидемиологиялық жағдайдың орнығуымен шектелген уақыт ішінде өткізу жолдарын ойластырып отыр. Қазіргі уақытта аталған турнирді өткізбеуге нақты шешім қабылданбағаны анық.

Қазақстан Кубогын өткізу жолдары OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты жалғасқаннан кейін қарастырылады. Аталған жоспарлар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі. Барлық жарыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссияның рұқсатымен ғана өткізіледі.

Ермұхамед Мәулен

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу