Станислав Черчесов Ұлттық құрамадан кеткеннен кейін алғаш рет сұхбат берді

314

Ресейлік маман бүгін, 27 қаңтар күні қызметінен кетті. 

Станислав Черчесов Ұлттық құрамадан кеткеннен кейін алғаш рет сұхбат берді Фото: Жеке парақшасынан

Станислав Черчесов "Спорт Экспресс" басылымына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі жайлы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

"Қаңтардың басында Астанада Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровпен танысып, әңгімелестім. Біз жұмыс жайлы талқылап, алдағы наурыз айында өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындық жоспарын нақтыладық. Жұмысқа деген көзқарасымды, алдағы жоспарларымды түсіндірдім. Бүгін таңертең Мәскеуде КФФ-ның бас хатшысы Саян Хамитжановпен кездестім. Онымен бұрыннан таныспын және жұмыс жоспарыммен бөлістім. Ол федерация президентімен байланысып, функционерлер бұл жағдайда оларға басқа жаттықтырушы қажет деген шешімге келді. Бірақ, мен нақты себебін білмеймін. Бұл ақпаратты адвокатыма бердім. Ол менің және көмекшілерімнің келісім-шартын бұзумен айналысуда", – деді ол.

Сондай-ақ, Станислав Черчесов қызметінен ерте кеткені үшін ешқандай да өтемақы алмапты. ҚФФ мен бапкер арасында барлығы жақсы. Станислав Саламұлы Аустрия мен Осетияда ірі бизнестері бар адам. Сондықтан, ешкімді қинағысы келмепті. 

Черчесовтің орнына ұлттық құраманы 44 жастағы қазақстандық маман Әли Әлиев жаттықтыруы мүмкін. Дегенмен, ресми ақпарат жұма күні белгілі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Черчесов Қазақстанға дейін Венгрияның "Ференцварош", Ресей құрамасы, Польшаның "Легия", Мәскеудің "Динамо" және "Спартак", Пермьнің "Амкар", Грозныйдың "Терек", Сочидің "Жемчужина", Австрияның "Ваккер-Тироль" және "Куфштайн" клубтарын жаттықтырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу