Қазақстанның Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бас директоры Стив Дейнтонмен кездесті.
Кездесу барысында 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына дайындықтың негізгі мәселелері талқыланды.
Стив Дейнтон соңғы жылдары елімізде үстел теннисінің дамуы, 2024 жылғы Азия чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуі, халықаралық турнирлер және инфрақұрылымның кеңеюін ерекше атап өтті.
Спорттық ареналар мен қонақүйлерді аралау барысында ол аталмыш нысандарға көңілі толатынын айтты және Астананың әлемдік біріншілікке дайындығын жоғары бағалады.
Естеріңізге сала кетейік, 27 мамыр күні Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Бас Ассамблеясының отырысында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттары өтетін елдер анықталған еді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші раундқа Қазақстан мен Франция шықты.
Финалдық дауыс беруде Қазақстан – 54,68%, Франция – 45,32% жинап Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды. Ал, 2027 жылғы әлем чемпионаты Жапонияда, 2028 жылы Бразилияда өтеді.