Жарысты бірінші болып, күндізгі сессияда бұрымды боксшылар бастайды. Алайда, ерлер арасында жекпе-жектер басталмай тұрып Бекзат Нұрдәулетов аталған турнирдің чемпиондық атағына қол жеткізді.
– Нұрбек Оралбай финалға шықпайтын болды. Ол 86 келіде жолын Бекзат Нұрдәулетовке берді. Нұрбекке құрмет. Бекзат бұл салмақта чемпион болды, – делінген хабарламада.
75 келі салмақтың финалында жолдары түйіскен отандастарымыз Тимур Нұрсейітов пен Сабыржан Аққалықов арасындағы жекпе-жек те өтпейтін болды.
Тимур Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша, 75 келіде "Странджа" халықаралық турнирінің чемпиондық атағына Сабыржан Аққалықов ие болды. Ал Нұрбек Оралбай мен Тимур Нұрсейітов күміс жүлдеге қол жеткізді.