27 ақпан күні Болгарияда өтетін дәстүрлі "Странджа" халықаралық турнирінде ерлер арасында Қазақстан құрамасының 10 боксшысы ширек финалда шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия 17:00-де басталады. 50 келі салмақта А рингінде Даниал Сәбит түркиялық Улас Ялчинкаямен жұдырықтасады. 55 келіде В рингінде Бағлан Кенжебек моңғолиялық Билгуунсейхан Хархууға қарсы қолғап түйістіреді. 65 келі салмақта әзербайжандық, Еуропа чемпионатының жүлдегері Малик Хасанов пен Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) кездеседі. 70 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы америкалық Лавант Броунлиге қарсы шығады. Осы салмақта А рингінде Фарух Тоқтасынов германиялық Рэнди Ботикалимен айқасады.
Кешкі сессия 21:00-де өтеді. 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық әлем чемпионы Акмалжон Исроиловпен қолғап түйістіреді. Бұл салмақта тағы бір қазақстандық Бекзат Таңатар украиналық Матвей Ражбамен жұдырықтасады. 90 келіде Нурмагамед Юсупов өзбекстандық Самир Собировпен кездессе, Дәулет Төлемісов америкалық Джозеф Авинонгиамен айқасады. Ал аса ауыр салмақта (+90 келі) Нұрлан Сапарбай өзбекстандық Озодбек Алиевке қарсы шаршы алаңға шығады.
Осылайша, қазақстандық боксшылар үшін шешуші кезең басталды. Ширек финалдық жекпе-жектер олардың медаль жолындағы тағдырын айқындайды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жарыста Қазақстан ерлер құрамасынан 19 боксшы, ал әйелдер құрамасынан 20 спортшы ел намысын қорғауда.