"Странджа" турнирі: Бүгін 8 қазақстандық боксшы жартылай финалда өнер көрсетеді

127

Бүгін сенбі, 28 ақпанда Болгария астанасы София қаласында "Странджа" халықаралық бокс турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. 

"Странджа" турнирі: Бүгін 8 қазақстандық боксшы жартылай финалда өнер көрсетеді

Биыл "Странджа" турниріне Қазақстаннан 39 боксшы қатысқанымен, жартылай финалға тек сегізі ғана жолдама алды. 

Кездесулердің бірінде қазақстандық дерби өтеді. Күндізгі сессияда А рингінде 54 келі салмақтағы әйелдер арасында қазақстандық боксшылар Анель Сақыш пен Элина Базарова жұдырықтасады. Б рингінде 65 келіде Лаура Есенкелді ирландиялық Грейн Уолшқа қарсы шығады. 75 келіде Валентина Хальзова аустралиялық Эмма Сью Гринтримен кездеседі. 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова болгариялық Алейна Мехмедпен, ал Дина Исламбекова өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен жекпе-жек өткізеді.

Кешкі сессияда А рингінде 50 келі салмақта Даниял Сәбит өзбекстандық Асилбек Жалиловпен қолғап түйістіреді. 70 келіде Фарух Тохтасынов Шавкатжон Болтаевпен кездеседі.

Күндізгі сессия сағат 17:00-де, ал кешкі сессия 21:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу