"Странджа" турнирі: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

Бүгін – 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы София қаласында өтетін халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күні.  

"Странджа" турнирі: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық боксшылар белгілі болды Фото: ҚБФ

"Странджа" турнирінде биыл 36 елдің 300-ден аса боксшысы бақ сынамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Олардың арасында Болгариядан өзге Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан және өзге мемлекеттер де бар.

Күндізгі сессияның А рингінде мына қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады. 

50 келі. Бекзат Алдамжаров – Асылбек Жалилов (Өзбекстан);
55 келі. Бағлан Кенжебек – Ниджат Хусейнов (Әзербайжан);
55 келі. Тимур Қабдешов – Пэтси Джойс (Ирландия).

В рингіндегі 70 келі салмақта Фарух Тоқтасынов – Арсен Чабян (Аустрия), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан) жекпе-жектері өтеді. Ал 90 келіде Нурмагамед Юсупов Уэльс боксшысы Коннор Уильямстың мықтылығын байқап көреді. 

Ал кешкі сессияның А рингінде 60 келі салмақта Руслан Кузеубаев АҚШ өкілі Салим Эллис-Бейге қарсылас атанса, Бейбарыс Жексен моңғолиялық Лундаа Гантумурмен жұдырықтасады.

В рингінде 80 келі салмақтағылар бақ сынайды. Санжарәлі Бегалиев Кауэ дос Сантос Белинимен (Бразилия) қолғап түйістірсе, Диас Молжігітов пен Робби Гонсалес (АҚШ) жұбы өзара мықтыны анықтайды.

Халықаралық турнирдің күндізгі сессиясы Қазақстан уақытымен 17:00-де өтсе, кешкі сессия 21:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу