"Странджадағы" сенсация: Екі дүркін Олимпиада чемпионы жарыстан шығып қалды

286

14 қазақстандық былғары қолғап шебері Странджа турнирінің келесі кезеңіне өтті. 

"Странджадағы" сенсация: Екі дүркін Олимпиада чемпионы жарыстан шығып қалды Фото: sports.uz

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Болгарияда өткен "Странджа турнирінде" жеңіліс тауып, сенсация орын алды. Оның қарсыласы француз Кристофер Гиппократ болды. Оған өзбекстандық боксшы 1:4 есебімен жол берді.

Хасанбой Дусматов – екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2024), Әлем чемпионы (2023), Азия ойындарының чемпионы (2022), үш дүркін Азия чемпионы (2015, 2017, 2022), Универсиада жеңімпазы (2013) және 2016 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері екенін айта кетейік.

Ал, қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбайдың Болгарияда өтіп жатқан турнирде жекпе жек барысында қолы сынды. Осы себеппен кездесу алғашқы раундта тоқтатылып, жеңіс қарсыласқа берілді.

27 ақпан шаршы алаңға шыққан қазақстандық 18 боксшының төртеуі жарыс жолын аяқтады.

Жекпе-жек нәтижелері:

48 кг: Санжар Тәшкенбай – Луис Руни (Ирландия) – Қазақстандық боксшы бірінші раундта қол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Теміртас Жүсіпов – Субхан Мамедов (Әзербайжан) – 4:1

51 кг: Даниял Сабит – Давит Джапаридзе (Грузия) – 5:0

54 кг: Тимур Қабдешов – Ксинмин Ма (Қытай) – 4:1

Махмұд Сабырхан — Башким Байоку (Косово) – Қазақстандық боксшы медициналық себептерге байланысты жекпе-жекке шықпады.

57 кг: Оразбек Асылқұлов – Оуэй Харрис (Уэльс) – 4:1

60 кг: Серік Теміржанов – Райс Оуэнс (Ирландия) – 5:0

Талғат Сырымбетов – Тинко Банабаков (Болгария) – RSC-I. Жекпе-жек алғашқы раундта тоқтатылып, қазақ боксшысы келесі кезеңге өтті.

63,5 кг: Ертуған Зейноллинов – Руслан Рустамов (Әзербайжан) – 4:1

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Джейсон Невин (Ирландия) – 5:0

67 кг: Санатәли Төлтаев – Демур Гаджая (Грузия) – 0:4

Төрехан Сабырхан – Лаша Гогнидзе (Грузия) – 5:0

71 кг: Фарух Тоқтасынов – Сархан Алиев (Әзербайжан) – 5:0

 Абайхан Жүсіпов – Олекси Шыряев (Украина) – 5:0

75 кг: Сабыржан Аққалықов - Ремо Сальватти (Италия) – 5:0

Тимур Нұрсейітов – Расим Чобанлы (Әзербайжан) – 5:0

80 кг: Азамат Бектас – Лаки Аймуфуа (Австрия) – 2:3

Ерасыл Жақпеков – Джеймс Уэлан (Ирландия) – 4:1

28 ақпанда әйелдер арасындағы жартылай финалдары өтеді. Қазақстан құрамасынан 13 боксшы қыз шаршы алаңға шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу