Студенттерден ПТР-тест талап етуге болмайды – вице-министр

3196

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Студенттерден ПТР-тест талап етуге болмайды  – вице-министр

Вице-министрдің мәлімдеуінше, жоғары оқу орындарына, жатақханаға кірген кезде термометрмен тексерілу, антисептик қолдану, маска кию міндетті болады.

"Студенттерден ПТР-тест талап етуге болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Студенттер арасында COVID-19 індетіне қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Вакцина алғандарға оқу ақысына жеңілдік жасау, қызметкерлерге сыйақы тағайындау және басқа да ынталандыру шаралары қабылданып жатыр", – деді Қуаныш Ерғалиев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу