Аймақтарды су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр

444

Жобалар аясында жалпы ұзындығы 310 шақырым бөгет салу қарастырылған.  

Аймақтарды су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылып жатыр Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыс әкімдігімен бірлесіп елді мекендерді көктемгі су тасқынынан қорғау мақсатында 56 жобаны іске асырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында 580 мың тұрғыны бар 84 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бұл жұмыстардың шамамен 40%-ы орындалды.

"Осыған дейін министрліктің бассейндік инспекциялары ТЖМ және әкімдіктермен бірлесіп еліміз бойынша 1 502 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Көктемгі су тасқынын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің солтүстігі, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу