Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді

1112

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Шри-Ланканы 43:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Су добы. Топтық кезең. 1-ойын

Қазақстан - Шри-Ланка 43:1

Командамыздың құрамынан гол соққан ойыншылар: 9 - Кубайдолла, 7 - Сатбеген, 5 - Нұртаза, 4 - Әли, Пантеелев, Грибов, 3 - Белоусов, Мадимир, Сулейман, 1 - Балтабекұлы

В тобында біздің ватерполшыларымызбен бірге Сингапур, Шри-Ланка, Иран және Малайзия құрамалары ойнайды

А тобында Қытай, Жапония, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Таиланд командалары өзара шеберлік байқасады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған Сарықұрлық біріншілігінде қазақстандық спортшылар жүзуден 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болып, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу