Су тасқынынан зардап шеккендер және коронавирустың банк жүйесіне әсері...

1530

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы.  

Су тасқынынан зардап шеккендер және коронавирустың банк жүйесіне әсері... Фото: Валерий Калиев

express-k.kz: "Ел астанасында Бауыржан Момышұлына арналған мурал пайда болды", деп хабарлайды басылым. Тәжірибелі суретшілер Тәшенов көшесіндегі үйдін қабырғасына Бауыржан Момышұлының суретін салған.

Стрит-арт жанрында жұмыс істейтін танымал суретшілер Ержан Таңаев пен оның әріптесі Әлі Закир Бауыржан Момышұлының суретін салмас бұрын Алматыда Дінмұхамед Қонаев пен Абайдың суретін салған. Жуыр күндері олар коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арнап сурет салған. Бұл шығармаларын олар астаналық әкімшіліктің қолдауымен іске асырған болып шықты.

"Біз өз шығармамызда Бауыржан Момышұлының суретін ұстап отырған әйел қолын көрсеттік. Осы арқылы батыр әрдайым халықтың есінде екенін көрсетуге тырыстық. Биыл "Бессмертный полк" шарасын өткізе алмадық, есесіне аты аңызға айналған батырдың бейнесін үй қабырғасына салдық", – дейді суретші. 

fergana.news: "Сардоба су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға $ 240 төлеп береді", деп жазады басылым. Мұндай шешімге Қазақстан үкіметі, премьер-министрдің көмекшісі Роман Склярдың  Мақаарал ауданындағы ауылдарға барғаннан кейін келген. Роман Скляр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесіп, жергілікті ақсақалдармен тілдескен. 

Сардоба су қоймасында орын алған апатқа байланысты су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысының тұрғындары мемлекеттен 100 мың теңге (бұл мөлшермен $240) алады. Бұл туралы ақпаратты үкімет сайтынан алуға болады. Қазақстан үкіметінің төраға орынбасары Роман Скляр және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықпен кездесу барысында оларға тұрғын үй мәселесінің қалай шешуге болатынын айтып, өз ұсыныстарын жеткізген.   

"Өргебас және Фердоуси ауылының халқына тұрғын үй мәселесін үш жолмен шешу жолдары ұсынылды: өзге елді мекендерге көшіп баруға болады, онда оларға жаңа үй салып береді, немесе су астында қалған үйлерді қайта қалпына келтіру, немесе бар шығынды өтеп беру ұсынылды. Тұрғындар өз таңдауларын ауыл жиналысында жасауы тиіс болады", – деп хабарлайды интернет-басылым.

Liter.kz: Коронавирус індетінің банк жүйесіне қалай әсер еткені маусым айының соңы мен шілде айының басында белгілі болады, деп жазады басылым. Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер әлем экономикасы мен қаржы нарығын әлсіретті. Басылымның хабарлауынша, сарапшылар шектеулер мерзімі ұлғайған сайын немесе пандемия көлемі өскен сайын экономика құлдырай береді, деп санап отыр. 

Сарапшылардый пайымдауыша, коронавирус пандемиясы салдарынан көлік, сауда және туризм саласы бұрыңғы кірісінен айырылды. Алайда індет ауқымы өсе берсе, онда қаржы нарығы құлдырып, жұмыссыздар саны көбейеді. Бұл індеттің елдегі банк жүйесіне қалай әсер еткенін біз тек маусым айының соңы мен шілде айының басында белгілі болады.  

Сонымен қатар, басылымның хабарлауынша, сарапшылар дағдарыстан экономиканың қай саласы алып шығатынын болжаған.

"Құрылыс саласына аса көңіл бөлінеді, деп ойлаймын. Бұл дәстүрлі кейнсиан экономикасы- кез келген дағдарыста құрылыс жұмыстарын жүргізу әдеті. Біздің үкімет осы бағытты ұстанады және құрылысшыларды қолдайды, деп санаймын. Экономиканың тағы бір драйвері ретінде ауыл шаруашылығы саласын қарастырған жөн. Себебі бұл салаға адам күші көп керек, оның үстіне қазір маусымдық жұмыстар басталды", – дейді сарапшылар.

sputniknews.kz: Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин өз ісін Қызылорда қаласында жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды басылым. Бұл жайында спортшы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Абдыхалықовамен болған кездесу барысында айтқан. 

Басылымның хабарлауынша, танымал спортшы Илья Ильин өзі туып өскен Қызылорда қаласына келіп, облыс әкімімен кездескен. Шара барысында спортшы Қызылордаға қайтып келіп, жұмыс істеуге дайын екенін жеткізген. Әрине, Илья Ильин штанга көтеріп, сахнаға шықпайды.

"Мен олимпиадалық спорттан кететін шығармын, сол себептен менің бос уақытым көп болатынын айттым. Сол себептен бар күш-жігерімді басқа бағыттарға жұмсауға дайын екенімді жеткіздім. Бұл бағыттың біріне – спорттық басқарма жатады", деп жазған ауыр атлетші Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу