Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1 828 үйдің құрылысы басталды

397

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр.  

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1 828 үйдің құрылысы басталды Фото: turantimes.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен.  Олардың 17 295 объект бойынша сараптама нәтижесі бар. 2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 81%-ын құрайды. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облыстарында құрылыс жұмысы мен жұмылдырудың төмен қарқыны байқалады. Ақтөбе облысы мен БҚО-да әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр. СҚО-да құрылыс қарқыны жақсы", - деді министр Үкімет отырысында. 

Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды.  3 882 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлем алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу