Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Су үнемдейтін жүйелерге көшкен шаруалар үшін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды.
"Бұл шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге ынталандыруға бағытталған шара. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне көшу шамамен 20-30% су үнемдеуге және 2030 жылға қарай еліміздегі егіс алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу