Футболшының өзі "Тобылды" тастап шымкенттік ұжымда жаттығуда. "Ордабасыда" мықты ойыншылар жиналуда. Мақсаты мен мұраты анық команданың басшылығына: неліктен өзіміздің тәжірибелі футболшыларды алмасқа? деп сауал қойдым. Мен Сүйімбаевты ұсындым. Басшылық футболшы қарсы болмаса, шақыруға болады деп жауап қайырды. Міне, Гафуржан бұрынғы командасына қайта келді, - деді Тағыберген".
Сүйімбаев ҚПЛ өткен маусымында 24 ойын өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді. Қаптал қорғаушысы өз мансабында "Қайрат" және "Ертіс" клубтарында доп тепкен.
"Жальгиристі" баптайтын Владимир Чебурин Литвада жыл бапкері болып танылды. Маман бұл атаққа 2017, 2018 және 2019 жылдары лайық екенін дәлелдеді. 57-жасар Чебурин "Жальгирис" тізгінін 2021 жылдан бері ұстап келеді. Ол бұл ұжыммен екі мәрте Литва біріншілігін және ел Кубогін жеңіп алған. Әлемге танымал "Дзинтарс" иіс суының ордасында Владимир "Судува" мен "Круоя" командаларында жаттықтырған болатын. Отандасымыз Қазақстанда "Оқжетпес" пен "Шахтер" құрылымында жұмыс атқарды.
Украиндық жартылай қорғаушы мансабын Қазақстанда жалғастыра бермек. 22-жастағы жас футболшы өткен маусымда "Қызыл-Жар" сапында доп тепті. Ол петропавлдық клубта 8 рет алаңға шыққан болатын. Бірақ, сол матчтардың бірде-бірінде көзге түсе алмады. Волноваха қаласының тумасы өз мансабында "Волынь", "Авангард", "Горняк-Спорт", "Оболонь", "Металлист" және "Валмиеру" командаларында өнер көрсетті. "Ордабасы" қақпашысы Тимурбек Зәкіров мансабын "Қызыл-Жарда" жалғастырмақ.
Зәкіров петропавлдық клубта 2016 және 2019 жылдар аралығында өнер көрсетіп кеткен болатын. Бұған дейін, 26-жасар қақпашы түркістандық "Мақтааралға" ауысады деген ақпар тараған еді. 2022 жылғы маусымда Тимурбек "Ордабасы" үшін 11 ойын өткізді. Шымкенттік ұжым қатарында ол, Қазақстан Кубогін еншіледі.
Еске салайық, "Ордабасы" финалдық ойында "Ақжайықтан" 5:4 есебімен айласын асырып кетті.