Сүйінші! 17 боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

399

Бұл қазақ боксындағы тарихи нәтиже!

Сүйінші! 17 боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: ҰОК

Ширек финалда 18 боксшы жұдырықтасты. Оның 17-і жартылай финалға жолдама алды. Бұл қазақ боксы тарихындағы рекорд. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына кем дегенде 17 медаль түсіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.

1/2 финалға шыққан ерлер құрамасы:  

- 48 келі: Диас Берікбай 
- 51 келі: Бексұлтан Боранбек 
- 57 келі: Жансері Көшербаев
- 67 келі: Төрехан Сабырхан 
- 71 келі: Өнер Сейілхан 
- 75 келі: Санжарәлі Бегалиев 
- 92 келі: Расул Асанханов 
+92 келі: Аслан Елдібайұлы 

1/2 финалға шыққан әйелдер құрамасы:  

- 48 келі: Әнел Әбдірасылова 
- 50 келі: Елянур Тұрғанова 
- 52 келі: Багжан Отынбай 
- 60 келі: Толғанай Қасымхан 
- 63 келі: Аружан Жаңабаева 
- 66 келі: Ұлдана Таубай 
- 75 келі: Шұғыла Налібай 
- 81 келі: Аружан Зейноллаева 
+81 келі: Панар Сейтханқызы 

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға IBA 8 000 АҚШ доллары (3,9 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Күміс жүлдегер – 4 000 доллар (1,9 млн теңге), қола жүлде иесі 2 000 доллар (970 мың) алады. Сондай-ақ ширек финалға дейін жеткендер де 1 000 доллардан (490 мың) иеленетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу