Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші алтынын алды

Бұған дейін бокстан ел құрамасы 1 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншілеген еді.  

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші алтынын алды Фото: ҰОК

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші алтынды Бекзат Нұрдәулетов алып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кәсіпқой бокстан әуесқойға ауысқан Бекзат Нұрдәулетов 86 келі салмақта ел намысын қорғады. Қарсыласы өзбекстандық Жасұрбек Юлдашев болды. 

Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі) Миразизбек Мирзахалиловтан, 57 келіде Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан, Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Хавасбек Асадуллаевтан, 75 келіде Дияс Молжігітов Джавахир Умматалиевтен жеңіліп қалған еді.

Абырой болғанда, 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан ғана Шахзод Музфаровтан басым түсті. Енді Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, алтын медалға ие болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу