Оның сөзінше, сектордың барлық басты бағытында оң динамика сақталып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Яғни, Қазақстанда автокөлік, ауыл шаруашылығы, теміржол және электротехникалық машиналарын жасау жұмыстары бұрынғыдан да қарқынды жолға қойылады.
Бұдан былай машина бөлшектерін де елімізде жасауға күш салынады.
– Локализациялау деңгейін арттыру және жоғары қосылған құны бар өнімдер шығару мемлекеттің бұлжымас басымдығы болып қала бермек. Қазіргі кезеңде жинақтап-құрастырудан өзіміздің инженерлік шешімдерді әзірлеуге және ел ішінде жоғары технологиялық активтерді құруға көшу үдерісін жеделдету маңызды, – деді Олжас Бектенов.
Еске салайық, осыған дейін машина жасау саласына құйылған инвестиция көлемі артып, 376 млрд теңгеге жеткені отандық БАҚ-та кеңінен жазылды.
Негізінен, машина жасау саласындағы өнімдердің экспорты екі есеге ұлғайды деуге болады.

