Сүйінші! Қазақстан футзалдан Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді

1707

Енді Қазақстан құрамасы плей-офф сатысында С тобының жеңімпазымен (Португалия немесе Морокко) жолығады.

Сүйінші! Қазақстан футзалдан Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді Фото: КФФ

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша D тобынан  Қазақстан мен Испания құрамалары плей-офф сатысына шығып қойған.

Алайда, топтағы бірінші орын үшін екі құрама да үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңуі қажет еді.

Нәтижесінде, Испания Ливияны 8:0 есебімен жеңсе, Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 қылды. Бірақ топтағы жетекшілік Испанияның еншісінде қалды.

Қазақстанның Жаңа Зеландиямен кездесуінде Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу