Сун-Ву Квон 18 жылдан кейін Оңтүстік Корея тарихындағы екінші ATP титулын жеңіп алды

1115

Нұр-Сұлтандағы титул оңтүстік кореялық теннисшінің мансабындағы ATP турындағы дебют болды.

Сун-Ву Квон 18 жылдан кейін Оңтүстік Корея тарихындағы екінші ATP титулын жеңіп алды

Квон турнирді сенімді жүріп өтті. Ол барлық кездесулерде бірқалыпты және мықты ойнады. Жанкүйерлерді өзінің шеберлігімен, сенімділігімен, ұқыптылығымен және байсалдылығымен таң қалдырды. Соңғы рет Оңтүстік Кореядан келген ойыншы 2003 жылы ATP титулын жеңіп алған. Ол уақытта Ли Хен Тайк Сиднейдегі жарыста жеңіске жеткен болатын.

Бүгінгі шешуші кездесуде екі теннисшінің де оң қолмен жұмыс жасауды жөн көретініне қарамастан, сарапшылардың көпшілігі Джеймс Даквортқа басымдық берді.

Бірінші сетте қарсыластар ойынға сенімді түрде кірісіп, ойынды тай-брейкке жеткізді. Аустралиялық ойынды тез бастады. Есеп 6: 3 болғанда, Джеймстің үш сет-болы болды. Бірақ Квон нағыз жауынгерлік мінез көрсетті. Ол допты ойынға қосу барысында сенімді түрде екі ұпай алды. Содан кейін екі мини-брейк жасап, партияда 7: 6 есебімен жеңіске жұлып әкетті.

Екінші сет Сун-Ву үшін өте нашар басталды. Дакворт бірден қарсылас допты ойынға қосқанда ұпай алып, алға шықты. Алайда, келесі геймде бәрі керісінше болды. Квон аустралиялықтың ұпайын алды. Осы сәттен бастап жекпе-жектің барысы мүлде басқа арнаға ауысты. Оңтүстік кореялық теннисшісі батылдық танытып, әр геймде көңілі түскен Джеймсті оңай жеңді. Қорытынды есеп 7: 6, 6: 3.

"Бұл мен ұтқан алғашқы ATP 250 турнирі. Қазір өте қуаныштымын. Джеймске үлкен рахмет. Ол жарыс аптасын керемет өткізді. Мен оған сәттілік тілеймін. Барлық ұйымдастырушыларға, бақылаушыларға, болбойларға, қызметкерлерге үлкен рахмет. Демеушілерге және Қазақстан теннис федерациясының президентіне керемет қонақжайлылығы үшін алғысымды білдіремін. Бұл мен қатысқан ATP 250 турнирлерінің ең жақсысы болды. Келесі жылы міндетті түрде ораламын және сіздерді жаңа жеңіспен қуантамын", - деді жеңімпаз марапаттау кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда Джон Миллман бірінші титулын жеңіп алған болатын. Бір жылдан кейін Су-Ву Квон өзінің дебюттік кубогын алды. Осылайша, Astana Open ATP 250 турнирі үлкен табысқа жетудің жарқын жолына айналғандай.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу