"Сұңқар" жазғы сауықтыру лагеріндегі жағдай

3540

Лагерьде орын алған жағдайға қатысты Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан пікір білдірді.

"Сұңқар" жазғы сауықтыру лагеріндегі жағдай

Inbusiness.kz тілшісі Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан "Сұңқар" жекеменшік лагерінде болған оқиға жайында жазған болатын. Осыған қатысты министр кеңесшісі өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді.

Ол соңғы күндері әлеуметтік желіде Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан "Сұңқар" жекеменшік демалыс орнындағы оқиға көпшілікті мазалап жатқанына тоқталған.

Сонымен қатар министр кеңесшісі балаға қарсы қолданған кез келген күштік іс-әрекет қатаң жазалану қажет екенін және  аталған мекеме облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қорытындысын да алмағанын айтты. 

Сондай-ақ бұл лагерь облыстық білім басқармасының лагерлер тізбесіне енбеген, білім саласына қарасты мекеме емес, жекеменшік демалыс үйіне жататыны да белгілі болған.

Бір қызығы, "Сұңқар" демалыс орны мемлекеттік конкурсқа қатысып, биылғы жылдың жаз айларында Түлкібас ауданының 800-ден астам оқушысын, Шардара ауданының 50 баласын сауықтыруда. Құжаттары болмаса, қалай конкурс ұтып алғаны белгісіз.

Еске салар болсақ, Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан "Сұңқар" жекеменшік демалыс орнындағы тәрбиешінің балаларды ұрып, балағаттағаны туралы видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Қазіргі таңда тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Орын алған оқиға бойынша, бірнеше заңсыз әрекеттер бар. Құзыретті органдар аталған оқиға бойынша  тексеріс жұмыстарын бастап, жағдайды жеке бақылауында ұстайды. Нәтижелері бойынша алдағы уақытта хабарланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу